«Сот үкімімен 8.08.2016 жылы Рахымбеков Рашид Тауфықұлы ҚР ҚК 394 бабы, 2 бөлімі бойынша қылмыс жасады деп танылды. Оған 1 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру және 1 жыл, 6 ай пробациялық бақылау түріндегі жаза тағайындалды. Аталған мерзім ішінде мекен-жайын ауыстыруға, пробация қызметіне ескертпей, өзге жаққа кетуге тыйым салынады. Одан бөлек, мемлекет пайдасына 26 787 551 теңге өндірілді», - деп атап өтті Б.Ахметов.
Рашид Рахымбеков 2010-2013 жылдары ҚР Үндістандағы консулы болып қызмет еткен.
Бұрынғы консул заңсыз көші-қонды ұйымдастырды және мемлекет қазынасына материалдық шығын келтірді деп айыпталуда.