Зайсан шекара жасағы «Терісайырық» шекара заставасының 11 әскери қызметкері өз еріктерімен застава аумағынан кетіп қалған

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - 18 маусым күні таңертең 2011 жылдың қараша айында шақыртылған «Шығыс» өңірлік басқармасы Зайсан шекара жасағы «Терісайырық» шекара заставасының жедел қызметтегі 11 әскери қызметкері өз еріктерімен застава аумағынан кетіп қалған.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Олардың кетіп қалғанын білген заставаның басшысы өз еркімен іздеу жұмыстарын ұйымдастырмаққа әрекеттенген, басшылыққа орын алған төтенше жағдай туралы тек кешке қарай мәлімдеген.

 Қазіргі уақытта Шекара қызметінің, ІІД мен ҰҚКД-нің күшімен іздестіру шаралары жүріп жатыр.

 Бұл мемлекеттік шекара учаскесіндегі күзетшілік қосымша шекара қызметінің құрылымдарымен жүзеге асырылады.

  Алдын ала жасалған божам бойынша заңсыз қарым-қатынастар өз еріктерімен әскери бөлімшені тастап кетулеріне себеп болды.

Оқиға орнында Шекара қызметі командалаудың өкілдері, Әскери прокуратураның, облыстық ҰҚК департаменттерінің және ІІД-нің қызметкерлері жұмыс істеуде.

 Қазіргі уақытта бұл факті бойынша әскери прокуратурамен ҚР ҚК-нің 380 бабының 1 бөлімімен (қызмет бабын асыра пайдалану, әскери бөлімшені басқаруда өкілеттілігін асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.