Зеленов ауданында өндірілген өнім көлемі бір жылда 1,9 есеге өсті - БҚО

ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - БҚО-ның Зеленов ауданында 2012 жылы өндірілген өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда, 1,9 есеге өсіп, 131,9 млрд. теңгеге жетті.

Аудан әкімі Марат Оңғарбековтің айтуынша, соның ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі - 121,5 млрд. теңге, бұл 2011 жылғыдан 2 есеге артық. Сондай-ақ 10 млрд. 469,3 млн. теңге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өсу қарқыны 34,2 пайызды құрады.

2012 жылға бекітілген бюджет көлемі (қайта қаралғанын ескергенде) 4 млрд. 547 млн. теңгеге жетсе, соның 1 млрд. 597 млн. теңгесі - ауданның қаражаты.