Л. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Зеленов ауданының көркемөнерпаздары Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде өнер көрсетті.
Университет оқытушылары мен студенттері Асхат Қажығалиев сынды әншілер, дарияндық жас бишілер, басқа да орындаушылардың өнеріне қол соқты. Университет құрылтайшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімовтің айтуынша, тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай аталмыш оқу орны да көптеген шараларды жоспарлап отыр. Соның ішінде облыс аудандарымен өзара тиімді байланысты нығайта түспек.
Зеленовтық өнерпаздар енді осындай концерттерін ауылдарда да қоймақшы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).