деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тамыз айының 18-і күні таңғы 6 сағат 25 минутта ауылдағы тұрғын үйдің өртенгендігі жайындағы жайсыз хабар жетісімен аудандық 14-ші өрт сөндіру құрылымы көмекке келген. Тілсіз жаумен күреске арнайы техника мен 4 адам жұмылдырылды. Айналасы бір сағаттың ішінде өрттің беті қайтарылып, толықтай сөндірілген. Оқиға орнынан табылған екі мәйіт ерлі-зайыпты үй иелері болып шықты. Өрттің себеп-салдарын анықтау мақсатында тергеу амалдары жалғастырылуда.