Аудан әкімінің орынбасары Әлия Таласбаеваның айтуынша, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен екі жарым миллион теңгеден астам қаржы қарастырылды. Тиісті күрделі жөндеу жұмыстары шешімін тауып, қажетті жиһаздармен қамтылып, музыка аспаптары сатып алынған. Ауылдастары кезінде меншіктеп алған нысандарды өз еріктерімен ел кәдесіне жаратуға ұсынған абзал азаматтарына ризашылықтарын білдірісіп жатыр. Нысанның жөндеу жұмыстарына ауыл болып атсалысып, қаржылай көмек қолын ұсынып, өздері де қолұштарын берген көрінеді. Енді міне, баршасы ортақ қуанышқа кенеліп отыр.
Жалпы бүгінде аудан көлемінде 42 мәдениет ошағы халыққа қызмет етуде.