«Олар «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Jusan Invset» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ. 2022 жылғы 1 сәуірде зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құны 8,6 млрд теңгені құрады. Зейнетақы активтері портфелінің құрылымына кері РЕПО мәмілелері мен ақша қаражаты (29%), мемлекеттік бағалы қағаздар, оның ішінде ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, ҚРҰБ ноттары (25%), ПАЙ-лар (24%), облигациялар (16%), акциялар мен депозитарлық қолхаттар (5%) кіреді. Валюталар бөлігінде зейнетақы активтері портфелінің құрылымында ұлттық валюта басым (71,5%), АҚШ доллары зейнетақы активтері портфелінің 28,5%-ын құрайды», - делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетсек, сыртқы нарықтарда жалғасып отырған геосаяси шиеленіске қарамастан, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы ахуал тұрақты.09:49, 22 Сәуір 2022
Зейнетақы активтерін 4 компания басқарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда зейнетақы активтері төрт компанияның сенімгерлік басқаруында. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.