Бұл туралы ол бүгін «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әсел Нүсіпова мәлім етті.
Оның мәліметтеріне қарағанда, қазір жарнаны кешіктіріп төлейтіндердің арасында ерлер 40 пайызды, әйелдер 36 пайызды құрап отыр. Олар зейнетақылық жарналарды жылына 10 реттен де кем төлейді. Яғни, бұны да тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі шешілмеген мәселелердің қатарына қоюға болады. «Бұл мәселенің басты себебі - зейнетақылық жарналарды төлейтін азаматтардың кірістері төмендігінде болып отыр. Бүгінде Қазақстан экономикасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жетерлік. Олардың кейбірінің кірістері зейнетақы жарғыларын төлейтіндіктеріне қарамастан, ең төменгі жалақыдан да аз болып отыр. Бұл көрсеткіш еңбекке қабілетті ерлер арасында 23 пайызды, әйелдер арасында 25 пайызды құрайды», - деді министрдің орынбасары.