«Қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесі - бұл жеке жинақтаушы есепшот жүйесі екендігін және де аталған есепшоттар жеке зейнетақы қорларында, сондай-ақ мемлекеттік зейнетақы қорларында да бола алатындығын түсіну қажет. Сондықтан да біріккен қор құру барысында жинақтаушылардың барлық салымдары жеке есепшоттарда сақталатын болады. Бұрынғыдай мемлекеттік кепіл жүйесі Мемлекеттік зейнетақы қоры жинақтарына да қолданылады», - деді ол.
18:15, 06 Ақпан 2013
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепіл жүйесі Мемлекеттік зейнетақы қоры жинақтарына да қолданылатын болады
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепіл жүйесі Мемлекеттік зейнетақы қоры жинақтарына да қолданылатын болады. Бұл туралы бүгін қазақстандық БАҚ-қа арналған брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.