АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке жалған диагноз қойған Ұлттық ғылыми медициналық орталық дәрігерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Тергеу департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, Қаржы полициясының тергеу амалдарына кедергі келтірген дәрігерлердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 339-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған іске қатысы бар барлық лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.
"ҚР Қылмыстық кодекстің 339-шы бабына сәйкес, олар 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін", деді ол өз сөзінде.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.