Ж.Жарасов «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып тағайындалған Жанат Жарасов аталған Кеңестің 2013 жылдан бері мүшесі, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

ЖҚІРҚК жаңа жетекшісін таныстыру барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметов Қайырбек Сүлейменовке Кеңес төрағасы ретінде атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.

Жанат Жарасов Ф.Э.Дзержинский атындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін бітірген.

2000-2009 жылдардың аралығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде түрлі басшылық қызметтер атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың 23 қарашасына дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Генерал-майор.

ҚР Парламент Мәжілісінің V және VI шақырылымдарының депутаты.