деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облысының Қапшағай қаласында суперкубокты «Арман» Қазақстан кубогы иесі Қапшағайдың «Барыс» командасымен өзара сарапқа салды. Матчтар бір команданың үш рет жеңіске жеткеніне дейінгі сериядан тұратын плей-офф жүйесі бойынша өтті. Нәтижесінде төрт ойынның үшеуінде жеңіске жеткен жағажай футболынан ел чемпионы - «Арман» суперкубокты да қанжығасына байлады.