1750-1850 жылдары көп кесіле бастаған Еуропадағы орман күрт азайып кеткен (190 000 км2). Алайда 1850-2013 жылдары негізгі энергия көздеріне көмір, мұнай, газды пайдаланудың арқасында Еуропада орман алаңы екі есеге жуық ұлғайған.
Бұл жерлерге жылдам көктейтін, экономикалық бағалы тұқымды ағаштар өсіріле бастады.
Алайда бұл саясат жаһандық жылынуға алып келуде. Біріншіден, орманды тазалау атмосфераға жапырақта, өлі ағаштарда және топырақта болған көміртек бөлінуіне ықпал етеді. Екіншіден, қылқан жапырақты ағаштар ғарыштан келетін күн радиациясының мөлшеріне - альбедоға елеулі әсер етеді. Қарағай, шыршалар емен, шамшатқа қарағанда, жылуды көбірек қабылдайды.
«Қазіргі ағаштар 18 ғасырдағы ормандарға қарағанда көмірқышқылды екі есе аз қабылдайды. Қылқан жапырақты ағаштардың көптігі Еуропаны 0,12° «жылытты». Бұл өсім отынның қазылып алынатын түрлерін жағудан жаһандық жылынуға ықпал ететін әсердің шамамен 6 пайызына тең», - деп мәлімдеді мақаланың авторы Ким Наудтс.