Жак Ширак мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталуда

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Париж соты Францияның бұрынғы президенті Жак Ширакты мемлекет қаржысын талан-таражға салды және өзіне артылған сенімді асыра пайдаланды» деген айыптар бойынша сотқа тарту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы «Маяк» радиостансасы хабарлады.

Сот амалы ағымдағы жылдың қараша айында немесе келесі жылдың ақпан айында басталады. 77 жастағы Жак Ширак сотқа тартылатын Француз Республикасының бірінші экс-басшысы болуы мүмкін.

Кінәсі мойнына қойылған жағдайда, Ширакты 10 жыл түрме және 150 мың еуро айыппұл күтіп тұр.