Бұл туралы бүгін Астана өткен баспасөз мәслихатында Қазгидрометорталықтың директоры Баян Сазанова мәлімдеді.
«Жақын күндерде ел аумағының солтүстік өңірлерінен өтетін циклонның әсерінен күн жылынып, ауа температурасы -2, 2 градусты көрсетеді деп болжануда», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, жылынудың анық байқалатын кезеңі 23-24 қаңтарға дөп келмек.
«Осыдан кейін айдың соңына қарай солтүстікте ауа райы тағы да салқындап, 30 градусқа дейін төмендейді», - деді Қазгидрометорталықтың директоры.