14:32, 10 Сәуір 2009
Жалағашта әлеуметтік мәселелерге арналған семинар болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жалағаш аудандық әкімдігінде ?Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы? Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерге түсініктеме жасалған семинар болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көпшілік алдында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыс бойынша бақылау және еңбекті қорғау департаментінің бөлім бастығы Ақмарал Нәрікбаева жаңа өзгерістер жайында жан-жақты мәлімет берді. Маманның айтуынша, әлеуметтік аударымдарды уақтылы аударып отыруға жұмыс берушілер жауапты. Сонымен қатар семинар барысында зейнетақы төлеу орталығының мамандары да зейнетақы қорларына жіберілетін аударылымдарды есептеу жайына тоқталды.