деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ жүзеге асырады. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жалға баспана алу және кейін оны сатып алуға тілек білдіргендердің төлем қабілеттігін есептеуді іске асырады", дейді "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның Басқарушы директоры Данияр Тойбаев. Оның сөзіне қарағанда, банк сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында аймақтық "Жас отау" жобасына да қатысуда. Шілденің 1-індегі дерекке қарағанда бұл жоба бойынша Қазақстаның тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен 342 тұрғын үй құрылысы жинағы келісімі жасалды. Сонымен қатар 147 жас отбасыға пәтер бөлінді.