Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында Үкімет басшысы Серік Ахметов осылай мәлім етті.
«Қазақстандық ипотекалық компаниялар желісі бойынша нарықтан қаражаттар тартылатын болады. Яғни, шағын бюджеттік қаржыландыруға қарамастан, компаниялар нарықтан бес есеге жуық қаражаттар тартатын болады және соған жалға берілетін баспаналар салынады», - деді С. Ахметов.
Премьер-Министр көптеген қазақстандықтар үшін пәтерді жекеменшікке иеленбес бұрын алдымен төмендетілген төлемдер жасап-ақ жақсы жағдайларда өмір сүре алатын деңгейге жететінін атап өтті. Үкімет басшысы сондай-ақ бағдарлама аясында алғаш рет жастар үшін баспана құрылыстары қарастырылғанын жеткізді.