«Бәйтерек Строй сити» ЖШС деп аталған жалған кәсіпорын 2008 жылдың маусымынан 2009 жылдың сәуір айына дейін жұмыс істеген. Оны бір топ адаммен алдын ала келісу бойынша ақтөбелік азамат құрған, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ойларында болған емес - олар қаржатты қолма-қол ақша етіп алып, өздері үшін мүліктік пайда іздеген және контрагент кәсіпорындарды салықтан және мемлекеттік бюджетке төленуі тиіс басқа да міндетті төлемдерден босатуды көздеген.
ЖШС-нің айыру есебі арқылы тауарсыз операциялар іске асырылды, соның салдарынан мемлекетке 9,8 млн. теңге көлемінде ірі нұқсан келтірілді.
Ақтөбе қаласының № 2 сотының кесімімен ақтөбелік азамат ҚР ҚК 28 бабының 5 бөлімімен (сыбайластық), ҚР ҚК 192 бабы, 2 бөлімінің «б» тармағымен (жалған кәсіпкерлік) қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылды. Ол 2 жылға сынау мерзімімен шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.