Қылмыс кезекшілік тәуліктің ішінде ашылды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Қалалық №3 полиция бөлімінің бастығы подполковник Евгений Набилоховтың айтуынша, жалғызілікті кейуананың өлі денесі өз үйінде керуеттің астынан табылған.
«Қызы мен ұлы басқа қалада болғандықтан, үй иесі жалғыз тұрған. Көршілері мен туыстарының айтуынша, бақуатты кейуана өткен жазда үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қылмыстық полиция үйге жөндеу жүргізген әлгі адамды іздестіреді. Күдік келтірілген ол - лақап аты «Воробей» деген бұған дейін бірнеше рет сотталған 56 жастағы азамат болып шықты»,- дейді подполковник.
Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.
Жедел мәліметтер бойынша, жыл басынан бері Тараз қаласында кісі өлтіру және қастандық жасаудың жеті оқиғасы тіркелген және олардың бәрі ізі суымай ашылған.