Жалпы декларациялауға талап қатаң болады - Үкімет басшысы

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Жалпы декларациялауға талап қатаң болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов айтты.

Үкімет басшысы жалпы декларациялаудан өткізу жоспарының тұжырымдасын Үкімет қабылдағанын әрі министрлік онда нақты міндеттермен мерзімі көрсетілген іс-шаралар жоспарының болуы себебінен бұдан ары созбауы керектігін баса айтты.

«Президент айтқандай, жалпы декларациялау мәселесі - бұл жемқорлықпен күрестің негізгі элементттерінің бірі. Жемқорлықпен күрес дәл осы жалпы декларациялаумен тікелей байланысты. Сұрау барлық жағынан да айтарлықтай қатаң болады. Сондықтан Болат Бидахметұлы созып алмаңыздар», - деді К.Мәсімов.