«Газ-турбиналық электр стансасы да таза энергетикаға жатады. Еліміздің батыс өңірін өзіміздің энергиямен қамтамасыз етудеміз және импорттан бас тартудамыз. Бұл нысанды іске қосыңыздар. Жұмыстарыңыздың табысты болуын тілеймін!» - деді ҚР Президенті.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан өңірі де жаңартылған энергия көздерін өндіруге басымдық берді. Қуаттылығы 100 МВт газ-турбиналық электр стансасы өңірді сапалы қуат көзімен қамтып, Ресей энергиясына тәуелділікті жояды. 70 жаңа жұмыс орны ашылып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Жоба сәтті іске асса, Батыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін жеке секторлар мен бизнес өкілдерінің, ірі компаниялардың электр энергиясына жұмсайтын шығыны азайып, тариф тұрақталады. Өнім Ресейге экспортталады.
«Аталған жобада электр энергиясын өндіру үшін General Electric, ABB, Siemens секілді әлемдік алдыңғы қатарлы компаниялардың жабдықтары пайдаланылуда. Нысанның құны 28 млрд. теңгені құрап отыр. Газ-турбиналық электр стансасы Батыс Қазақстан облысындағы тұтынушылардың энергияны сақтаудағы сенімділігін арттырады», - деді «Батыс Пауэр» ЖШС бас директоры Жасұлан Жақыпов.