Жол-патруль қызметінің инспекторы Сергей Васильченко осыдан 15 жыл бұрын қызметтік міндеттерін атқару кезінде қылмыскерлердің қолынан қаза тапты.
АІІБ жеке құрамының алдында бөлім бастығы, полиция подполковнигі Арман Құтұшев «Береговая» көшесінің атауын «Сергей Васильченко атындағы көше» деп өзгерту туралы ауылдық округ әкімінің шешімін оқып берді.
Көше атауы жазылған алғашқы тақтайша Сергей Васильченок өмірге келіп, есейген үй қабырғасына бекітілді. Осы күні полицейлердің жас толқыны АІІБ алдында Отанға қалтқысыз қызмет етуге ант берді.