«Бұл жылдар ішінде газет өзінің атауын 11 рет өзгертті. Олар - «Әулиеата жаршысы» «Кедейшілік», «Сталиндік жол» және т.б. 1963 жылдан бері газет «Еңбек туы» («Знамя труда») деген атаумен өзгеріссіз шығып келеді», - деді ардагер қаламгер, газеттің бұрынғы редакторы Владимир Козыренко.
Мерейтойға байланысты облыстық драма театрында өткен іс-шарада редакция ұжымы мен ардагерлерді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев құттықтады.