Қайғылы оқиғадан 40 күн өткеннен кейін, ашылу салтанаты мен гүл қою рәсіміне қайтыс болғандардың туыстары, ішкі істер органдарының ардагерлері, ІІД-нің жеке құрамы, қалалық және облыстық әкімшіліктің, құқық қорғау органдарының, өңірдің және БАҚ-тардың жетекшілері қатысты.
Мемориалды тақтаға полицейлердің батыры Ғазиз Байтасовтың, Полат Аянқұловтың және Жақсыбек Байсеитовтың суреттері, сонымен қатар оларды жоғары наградамен марапаттау туралы Елбасының жарлығы бейнеленген. Жиналғандар қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қайтыс болғандардың отбасыларына ашық дербес шотқа түсіп жатқан материалдық көмек берілді. «Қайтыс болғандардың отбасыларына көмек бергісі келетіндердің саны күн сайын көбейіп келеді», - деп атап өтті баспасөз қызметі.