«2016 жылдың қаңтар айы бойынша негізгі капитал 6,5 млрд теңгені немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңі бойынша 150,1 пайызды құрады. Көлемнің артуына «Азиатский газопровод» ЖШС-нің «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының құрылысын инвестициялауы себеп болды».
Инвестицияның жалпы көлемінің негізгі бөлігін 51 пайыз (3,3 млрд теңге) «көлік және қаттау» саласын инвестициялау алады.
Жамбыл облысы бойынша Индустрияландыру картасына 2010-2014 жылдар мен 2015-2019 жылдарға 46 жоба кірді. Осы уақыт аралығында 25 жоба аяқталды, ал қалғаны алдағы жылдары жүзеге асырылмақ, деп атап өтті Инга Шевцова.