Жиынды ашқан Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Батталов 15 жылдық тарихы бар Ата Заңымыз - Контитуция туралы айтып өтті. Сөз барысында жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, оларға денсаулық, отбасыларына амандық, Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарына жетістіктер тіледі.
Бұдан соң айтулы мереке қарсаңында ІІО-ның 200-ден астам қызметкері ІІМ және ІІД бұйрықтарымен, көптеген полицейлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.