Жамбыл облысы полициясы 10 жастағы баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні іздестіруде

ТАРАЗ. 30 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы полициясы Шөлдала тұрғын үй массивінде 10 жастағы баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіруде, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.

«Белгісіз жүргізуші белгісіз автокөлікпен Шөлдала массиві тарапынан Құмшағал массивіне (бұрынғы қала маңындағы саяжай массивтері) қарай жүріп келе жатып, «Шөлдала» жол белгісінің жанында автобустан түсіп, үйіне келе жатқан 10 жастағы К. Арзымбетовті қағып кеткен, - деп хабарлады құқық қорғау ведомствосы баспасөз қызметінің басшысы м.а. Гульчехра Зияутдинова. - Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен».

Біраз уақыт өткен соң Құмшағал массивінде орта мектептің жанынан өтіп бара жатқан адам баланың мүрдесін тауып алған.

Куәгерлерде оқиғаның мән-жайын хабарлауды өтініп, іздеу жарияланғаны туралы хабарлама барлық жергілікті БАҚ-та жарияланған, деп нақтылады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінде.