деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.
Гамлет Қайнарбеков 1968 жылы туған. Санкт-Петербор мемлекеттік экономика және қаржы университетінің түлегі. Мамандығы - экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Маконсалт» ЖШС-да кеңесші болып бастаған, Алматы қаласының іскер құрылымдарында жұмыс істеген.
Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі, Қызылорда облысы өнеркәсіп және көлік басқармасы бастығының орынбасары, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласындағы «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының» бас менеджері, Тараз қаласындағы «Әулие-Ата-Атакент» ЖШС-ның директоры, Тараз қаласы «Кардиохирургиялық орталық» директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2010 жылдың ақпан айынан бері Жамбыл облысы аппараты кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болған.