«Біз жылу беру маусымына жаман дайындалған жоқпыз», - деп атап өтті ол, сонымен қатар әкімнің айтуынша, облыс орталығындағы 1 318 көп пәтерлі тұрғын үйлердің барлығы қысқы жылу беру маусымының басында жылу қосуға дайын болған.
«Жаңатас қаласында 10 үйдің шатыры қайта құрастырылса, оның ішінде екі үйдің шатыры демеушілер есебінен жөндеуден өтті», - деді әкім.
Облыстағы әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен азаматтарға 520,3 млн. теңге көлемінде коммуналдық қызметті төлеуге тұрғындық жәрдемақылар бөлінген болатын.
Аймақ басшысы қызметақысы уақытылы және толықтай төленбейінше, Жамбыл облысындағы коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары халыққа сапалы қызмет көрсете алмайтындығын жеткізді.
2010 жылы Жамбыл облысының қалаларындағы жылу желілері 1,8 млрд. теңге есебінен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарынан өткен болатын.
«Жылу жеткіу мен бюджеттік қаражаттарды үнемдеу мақсатында өңір бойынша қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтарды арзан отынмен және газбен жұмыс істеуге ауыстыру жоспарланып отыр», - деді Қ.Бозымбаев.