Жамбыл облысында 113 білім беру нысанын жөндеу мен жылыландыру жұмыстары бойынша 4 мың адам жұмысқа тартылды - «Жол картасы»

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Жамбыл облысында «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес, облыстағы 113 білім беру нысанын жөндеу мен жылыландыруға 2026,2 миллион теңге қарастырылған.

 Қыркүйек айының 15-індегі мәліметтер бойынша, оның 1758,8 миллион теңгесі игерілген. Осы шаралармен байланысты 4 мың 1 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмысқа орналастырылған азаматтардың 3 мың 132-сі жұмыспен қамту органдары арқылы келген. Осы орайда айта кететін мәселе Мойынқұм ауданындағы Дәулетбақов атындағы орта мектеп пен Байзақ ауданындағы №3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазір аталмыш оқу орындарының келбеті айтарлықтай әрлене түсті. Ал Т.Рысқұлов ауданындағы Көгершін ауылында ұзақ жылдар бойы жөндеуден өтпеген бала-бақша күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ облыста 11 нысанды жөндеу аяқталды. Оның ішінде

9 кәсіптік лицей мен 4 мектепке дейінгі, 1 мектептен тыс мекеме, 3 балалар үйі мен жасөспірімдер үйлері, 1 колледж бен 92 мектеп бар.  Аймақта 11 денсаулық сақтау нысанын жөндеуге 557,4 миллион теңге қарастырылса, қыркүйектің 15-індегі мәліметтер бойынша аталған соманың 396,5 миллион теңгесі игерілген. Бұл шаралар бойынша 880 адам жұмыса тартылды. Сонымен қатар облыста 5 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді.