деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы.
1 460 орындық алты балабақша республикалық бюджет есебінен салынады, 14 балабақша бұған дейін жекешелендірілген, кейіннен мемлекетке қайтарылған үйлердің есебінен ұйымдастырылады. Мектептердің жанынан - 41 мектепке дейінгі шағын орталықтар және тағы бесеуі тұрғын үйлердің бірінші қабаттарынан ашылады.
Облыстық білім басқармасының деректеріне сай, облыста бүгінгі күні 133 мектепке дейінгі мекемелер және 50 мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс істейді. Оларда 20 992 бала қамтылған.