Жамбыл облысында 2010 жылы бөлшек сауда айналымы 15,6 пайызға артқан

ТАРАЗ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы хабарлағандай, 2010 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында бөлшек сауда айналымы 2009 жылмен салыстырғанда 15,6 пайызға артып, 71,9 млрд. теңгеге жеткен.

Облыстық сыртқы сауда айналымы 2,21 млрд. АҚШ долларын құраған немесе 2009 жылмен салыстырсақ 103,3 пайызға жеткен. Сонымен қатар экспорт көлемі де артып, 1,63 млрд. АҚШ долларына жетті, импорт көлемі азайып, 576,2 млн. АҚШ долларын құрады.