Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыста шаруашылықта өсімдік шаруашылығы 29,2%-ды құрады.
Бүгінде 180,6 мың га дәнді дақыл жиналды, бұл 73 пайызды құрайды. Бұл ретте дәнді дақылдың орташа өнімділігі рекордтық көрсеткіш - гектарына 22 центнерге жақын. Өткен жылғыдан 5,8 га/ц көп.
Сонымен Мерке ауданының «Сыпатай батыр» ЖШС егісінде жауын-шашынды ауа райының, егіс материалының жоғары сұрыптылығының арқасында25 га/ц бидай, 46,2 га/ц арпа жиналды, бұл облыстың орташа көрсеткішінен жоғары. Жұмысқа 608 комбайн тартылып, 14 мың тонна, оның ішінде шілдеге 4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Тұтастай, шаруашылық 400 тоннадан астам дәнді масақты дақыл жинады. Жоспарланғаннан 107 пайыз шөп дайын. Жем-шөп әзірлеу жалғасуда. Енді 800 га күздік дақылды орналастыру жоспарда.
Ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес биыл өңірде 247 мың га дәнді масақты дақыл жиналады. Егіс алаңына 6 мыңнан астам техника жұмылдырылып, литріне 80-90 теңгеден 14 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Еске салсақ, 2014 жылы құрғақшылық жылы өңірде дәнді масақты дақылдың орташа өнімділігі гектарына 8,3 центнерді құраған. 2015 жылы 16, жеке аудандарда 17,3-ті құраған.