деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Бұл «Нұр Отан» ХДП-ның «Есірткісіз өмір!» акциясының аясында, Жамбыл гуманитарлық-технологиялық унверситеті мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың облыстық орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр.
Жастар форумын ашқан Жамбыл ауданының әкімі Махамбет Дүйсебаев аймақ тұрғындарын, әсіресе жастарды есірткі бизнесі қарсы күреске өз үлестерін қосуға шақырды.
«Мемлекеттік ең басты байлығы - азаматтардың денсаулығы болып табылады. Меніңше, бүгін әр адам өзі шешім қабылдайды», - деді «Нұр Отан» ХДП Жамбыл филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат.