«Қазгидромет» РМК бөлімшесінің ескертуі бойынша, 23 маусым күні Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағайлы жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін, оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20, ұйытқуы 28 м/с-ке дейін жетуі ықтимал», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Өңір аумағында жаздың бірінші айына тән емес 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болатыны анықталды.
Жамбыл облыстық ТЖД тұрғындарға көмек сұрау үшін «112» нөмірі бойынша жедел қызметке хабарласу қажеттігін ескертті.