«Жамбыл ауданында, Айша бибі ауылының қасында табылған шар, конус тәріздес ыдыс пен жартылай асыл тастан жасалған ұршықтың жоғарғы бөлігі шамамен Х-ХII ғасырларға жатқызылады», - деп баяндады мұражай директорының орынбасары Ғалия Әлімжанова.
Тарихшылардың пікірінше, дәл осы мерзімдеу, сондай-ақ бұйымдарды өңдеу технологиясы ерте ортағасырлыққа тән болып табылады.
«Біздің топтамада осындай мөлшердегі және оюланған шарконустық ыдыстар әлі болған жоқ. Кейбір тарихшылар оларды «философиялық ыдыс» деп атап кетті, себебі олардың ерекше пішінінің өзі тылсым мағынаға ие. Философиялық тасты іздеген көне алхимиктер көбінесе олардың ішінде өздерінің сиқырлы дәрілері мен реактивтерін сақтаған», - деп айтып берді мұражай директоры.