Жамбыл облысында «Автобус» жедел-алдын алу шарасының бірінші күнінде жол қозғалыс ережесінің 100-ден астам бұзушылығы анықталды

ТАРАЗ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - «Автобус» жедел-алдын алу шарасының бірінші күнінде жол қозғалыс ережесінің 100-ден астам бұзушылығы анықталды, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жедел-алдын алу шарасының бірінші күнінде жол қозғалыс ережесінің 116 түрлі бұзушылығы анықталды. 12 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жолаушыларды және жүктерді тасымалдауда жіберілген бұзушылықтар үшін 10 адам, маневр ережесінің бұзушылығы үшін 11 жергілікті тұрғын, мас күйінде көлік жүргізгені үшін 21 тараздық жауапкершілікке тартылды.

«Біз жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде техникалық ақауы бар 15 көлікті анықтадық. 4 жүргізушінің ешбір құжаты болмаған. Бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді», - деді Тараз қаласы ІІБ-нің аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция майоры Ербол Бибазаров.

Аталмыш «Автобус» жедел-алдын алу шарасы ағымдағы жылдың 23 қаңтарына дейін жалғасады, деп хабарланды Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.