Жаңа басшыны ұжымғаоблыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров арнайы барып таныстырып,жұмысына сәттілік тіледі.
Жеңіс Болатұлы 1975жылы Жамбыл ауданы, Асы ауылында туған. Білімі жоғары. М. Х. Дулати атындағыТараз мемлекеттік университетін агроөнеркәсіп кешеніндегі экономика жәнеменеджмент мамандығы бойынша, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрікуниверситетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Үйленген, 5 балатәрбиелеп отырған әке.
Еңбек жолын Жамбылауданы, Асы совхозында жұмысшы болып бастаған Ж.Болатұлы әр жылдары Жамбылауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 3-ші бөлімше бастығыныңкөмекшісі, аға көмекшісі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының Кадр жәнемемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, басшысы, Жамбыл ауданыәкімдігінің Ішкі саясат, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігіжәне автомобиль жолдары бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ,облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, ұйымдастырубөлімінің басшысы, облыс әкімінің бас инспекторы болып еңбек еткен. Бүгінгедейін облыс әкімі аппаратының Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы қызметінатқарып келді.