Жамбыл облысында «Бизнестің жол картасы» жобаларының жартысынан астамы ауылды жерлерде іске асырылады (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша сомасы 9 млрд-тан астам теңгеге 179 жоба іске асырылуда, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

«Өткен жылы Жамбыл облысында «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі сомасы 9 млрд-тан астам теңгеге 179 жобаны мақұлдады. Оның 102-сі ауылдық жерде іске асырылуда. Жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлу көзделді. Нәтижесінде бірқатар кәсіпорындар ашылып, инфрақұрылым құрылды, шағын және орта бизнес өкілдері үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болды», - делінген баспасөз қызметінде.

Облыстық әкімдікте өңір бойынша бағдарлама жұмыс істеген кезеңде 11 мың жұмыс орны сақталғанын атап өтті, тағы 2,8 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Кәсіпкерлерге кредиттік қолдау көрсетуде екінші деңгейлі 12 банк қатысады, олардың ішінде 129 жобаны қаржыландырған «Қазақстан халық банкі» бар. Одан кейін «БанкЦентрКредит» - 65 жоба және «Форте банк» - 47.