«Жамбыл облысында ауа температурасының түнде 30 градусқа, ал күндіз 15-20 градусқа төмендеуіне байланысты дизельді отынмен жүретін жолаушылар көліктерінің жолда сынып, тоқтап қалу жағдайлары жиілеп кетті», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.
Мәселен, кеше сағат 04:26-да Шымкент-Алматы тпас жолының 557-ші жашықырымында республикалық маңыздағы Алматы-Ташкент жолында дизелді отынмен жүретін «Сетра» маркалы автобус аяздың салдарынан қатып, тұрып қалған. Автобуста 40 адам, оның ішінде 8 бала болған.
«Оқиға орнына Жуалы ауданының 11-ші өрт құтқару қызметінің бөлімі, сондай-ақ жол полиция қызметкері мен аудандық ТЖ бөлімі мамандары жіберілді», - деді Р. Иманқұлов.
Сонымен қатар осындай оқиғалар Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылына жақын жердегі Алматы-Ташкент жолының 423-ші шақырымында және Алматы-Ташкент жолының 523-ші шақырымында Жамбыл ауданы аумағында орын алған. «Жалпы алғанда осы автобустарда 60 адам, оның ішінде балалар болған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы аумағындағы республикалық және облыстық маңыздағы жолдар, оның ішінде Қордай, Құйық, Шақпақ-ата және Хантау асулары жол қозғалысы үшін ашық. Ал жолдардың қауіпті аумақтары техникамен тазаланып, топырақ себіліп жатыр, деп хабарлады ведомство қызметі.