«Гранитогорск ауылы Андас батыр ауылдық округінде жекеменшік үйде табиғи газбен жұмыс жасайтын пештен ақау шықты. Салдарынан ер адам газға уланып, оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ Мерке ауылының ауруханасына 33-тегі және 16-дағы екі адам жеткізілді», - деді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Бұл жылыту маусымы басталғаннан бергі алтыншы қайғылы оқиға болып отыр.
Осыған дейін Жуалы ауданында газ иісіне уланып 3 адам, Мерке ауданынада 2 адам қаза тапқан болатын.
Жамбыл ауданының Гродеково ауылындағы ауруханаға газ иісіне уланған 5 адам жатқызылған, оның біреуі сәби. Барлық жағдайда пештен шыққан ақау себеп болған, деді ведомствода.