Жамбыл облысында интернационалист-жауынгерлерге арналып әскери даңқ ескерткіші ашылды

ТАРАЗ. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысына қарасты Аса ауылында интернационалист-жауынгерлерге арналып әскери даңқ ескерткіші ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтағы ауған соғысының ардагерлері жергілікті билікке қаза тапқан соң Қызыл Жұлдыз орденіне ие болған, Ауғанстаннан қайтып оралмаған алты отандас жауынгердің есімдерін мәңгіге сақтайық деген ұсынысты айта отырып, ескерткіштің ашылуына мұрындық болған.

Аса ауылынан Ауғанстанға шақырылған 120 жауынгердің қазір 76-сы осы жерде өмір сүріп жатыр.

Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 22 толуына орай өткен іс-шара аясында интернационалист-жауынгерлермен, қаза тапқан әскерлердің аналарымен және жесірлерімен кездесу өтіп, біржолғы көмек, естелік сыйлықтар табыс етілді. Интернационалист-жауынгерлердің ескерткішіне гүлдестелері қойылды.