Жамбыл облысында «Қарасу» шекаралық бақылау бөлімі бастығының орынбасары 3 жылға шартты түрде бостандығынан айырылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық қаржы полициясы Қордай ауданындағы ҚР ҰҚК ШҚ 2038 ә/б «Қарасу» шекара бақылау бөлімі бастығының орынбасары капитан Нұржан Ұлықмановқа экономикалық контрабандаға қолдау көрсетті деген айып тақты деп хабарлады Жамбыл облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.

ҚР ҰҚК ШҚ 2038 ә/б «Қордай» өткізу бекетінде «Қарасу» шекара бақылау бөлімі бастығының орынбасары «Range-Rover» көлігін күтіп алған. Кейін рөлге отырып «Қордай» шекаралық бақылау бөлімінің шлагбаумы арқылы уақытша сақтау қоймасына өтпек болған. Капитан шекаралық жасақтың заңсыз қақпаны ашуына бұйрық берген. «Қордай» бөлімінің шекарашылары заң бұзушыны ұстамақ болған, алайда ол оқиға орнынан ізін суытты. Алайда ол кейін қолға түсіп, көлігі «Қордай» кедендік бақылау бөліміне жеткізілді.

«Алматы гарнизоны әскери сотының шешімімен Ұлықманов Нұржан айыпты деп танылып, 3 жылға шартты түрде бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.