«Қаратау қаласында жаңа аудандық аурухана салынуда. Жобаның жалпы құны 1125,9 млн теңге (мердігер «Тарз тұрғын құрылыс» компаниясы» ЖШС)», - деп атап өтті Б. Рысмендиев.
2014 жылы ЖСҚ әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 5,2 млн теңге бөлініп, игерілген. 2015 жылы республикалық бюджеттен 338,9 млн теңге, оның ішінде облыстық бюджетен - 41,8 млн теңге бөлініп, игерілді. Барлығы 380,7 млн теңгеге ғимараттың іргетасы қаланып, 3 қабатты қаңқасы мен қабырғасы көтерілді. 336,9 млн теңге бөлінген нысан 2016 жылы пайдалануға беріледі, деп мәлімдеді облыстың ішкі саясат басқармасынан.