Жамбыл облысында кезекті шағын ГЭС салынбақ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында кезекті шағын су-электр стансасының құрылысы жоспарланып отыр. Станса Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда Қарақыстақ шатқалында салынбақ, деп хабарлады энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан.

Облыста құрылысы жоспарланып отырған 12 шағын ГЭС-тің алғашқысы 2010 жылдың желтоқсан айында Мерке ауданында ашылған болатын.

«Жамбыл гидроэнерго» МКК дирекциясының ақпараты бойынша, Қарақыстақ ГЭС-нің жобасына «Жамбыл гидроэнерго» МКК тапсырыс беріп отыр. Жобаны әзірлеуге облыс бюджетінен 20 миллион теңге бөлінді. Қарақыстақ ГЭС-нің қуаты 2100 КВт құрайды. Құрылысқа 75 жұмысшы атсалысады, ал станса іске қосылғаннан кейін жеті жаңа жұмыс орны құрылады.

Нысанның құрылысы инвесторлардың есебінен 2011-2012 жылдарға жоспарланып отыр, ал инвесторлар жақын арада конкурстық негізде анықталмақ.