Жамбыл облысында коммуналдық саланың жаңғыртылуына 1,5 млрд. теңге жұмсалады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында коммуналдық саланың жаңғыртылуына 1,5 млрд. теңге жұмсалады, 5 жобаны іске асыру қарастырылған.

Бұл туралы облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«4 жоба Тараз қаласында іске асырылады. 14-ші сілемдегі «Арай» тұрғын үй кешеніндегі кәріз магистралды желілерін салуға, су және газбен жабдықтау, телефон орнату үшін 70,8 млн. теңге бөлінген. Сүлейменов көшесінде жалпы сомасы 300,0 млн. теңгеге инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізіледі. Қойбақов, Гамалей, Асқаров көшелері бойынша ТК-710 жылу желілерінің жаңғыртылуына 367,7 млн. теңге жұмсалмақ», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Сарысу ауданында орталық қазандықты қалпына келтіру жұмыстарына 215,1 млн. теңге бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар