Қайғылы оқиға Мойынқұм ауданының Ақсүйек кентінен 30 шақырым жерде «Ертай» ЖШС-ның ашық руднигінің қорғасын карьерінде болды.
«БелАЗ-7548» жүк машинасының доңғалағын ауыстырып жатқанда стопор сақинасы үзіліп кетіп, диск қасында тұрған слесарьды соқты.
Бір жарым сағаттан кейін ер адам кенттің медициналық пунктінде көз жұмды.
Қазаға ұшыраған жас жігіт 23 жаста болатын, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.