Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан түсіндіргендей, ҚР Мемлекеттік рәміздер күнінде барлық мемлекеттік мекемелер, әкімдіктер, білім беру мекемелері, жоғары оқу орындары, тіпті қоғамдық көліктерде Қазақстан Республикасының Әнұранын бір уақытта орындалды.
Тараздағы патриоттық шараға облыстың этномәдени бірлестіктерінің жас өкілдері де қатысқан. Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ММ-нің мәжіліс залында «Сүйемін сені, менің Қазақстаным» атты фотокөрме-акциясы болып өткен. Акцияның барлық қатысушылары грамоталар, алғыс хаттар, сыйлықтар алды.
Бір мыңнан астам адам қатысқан «Мемлекеттік Рәміздер - тәуелсіздіктің тірегі» атты патриоттық форум Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған театрландырылған қойылымнан басталды. Аймақтың дамуына үлкен үлес қосқан Тараз тұрғындарына Алғыс хаттар табысталды. Форум облыстың шығармашылық ұжымдарының концертімен аяқталды.
Тараз жастары Тұрар Рысқұлов атындағы саябақта өткен «Face art» патриоттық акциясының барысында беттеріне ұлттық рәміздердің суреттерін салғызу арқылы body art өнерін көрді. Бұл акцияны Жамбыл облысы іскер әйелдерінің қауымдастығы ұйымдастырған. Сурет салудан басқа, қатысушылар үшін мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтар викторинасы ұйымдастырылды.
Бұл күні Қазақстан Республикасының Әнұраны Тараздағы Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада да шырқалды. Мұнда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ту, Елтаңба, Әнұран - қасиетті құндылықтар» атты жылжымалы көрме болып өткен. Көрмеде мұражай қорынан алынған ҚР Ұлттық банкінің мерейтойлық монеталары, фотосуреттер, слайдтар мен кітаптар ұсынылды.
«Рәміздерім - Мақтанышым» атты жастар акциясына тараздың жүздеген студенттері мен белсенділері қатысты. Акцияның барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің мәні түсіндіріліп, еліміздің мемлекеттік рәміздері бейнеленген стикерлер таратылды.