Облыстық «Знамя труда» газетінде сал ауруымен ауыратын балаларға көмек беру туралы жазылған мақалалардан кейін, жамбылдық «Абсент» асыл тұқымды мал шаруашылығының қожайыны Дүйсенбек Ибінәлиев ауру балаларды иппотерапиядан өтуге шақырды.
«Атқа міну, әсіресе ер-тоқымсыз жүру барлық бұлшық еттердің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, омыртқа мен ішік органдарының жұмысын қалпына келтіреді. Біз балаларға беріп отырған қымыз шипалық жағынан ана сүтіне жақын, иммунитетті жоғарлатады», - дейді Д. Ибінәлиев.
«Өзіңе өзің жәрдемдес» жобасы «Мүгедектердің жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі жанынан халықаралық «Бота» қорының қолдауымен құрылып отыр.
Жобаны үйлестіруші Айгерім Дәулетбаеваның айтуынша, сал ауруымен ауыратын 50 тараздық бала жыл бойы сауықтыру процедураларынан өтеді, жеке бағдарламалар бойынша комьютерлік сауатын ашады, олардың отбасыларымен психолог және заңгерлер жұмыс істейтін болады.
Иппотерапия - аттың көмегімен емдеу түрі, соматикалық, психологиялық аурумен ауыратын науқастарды сауықтыру құралы.